Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

KASE: Доллар бағамы тағы да төмендеді

2019 жылдың 16 шілде 2019 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 383,04 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,2 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 382,3 теңге, ал ең жоғарысы – 383,65 теңге болған. Сауда көлемі 90,71 миллион долларды құрады.

Т+1 есебімен дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1 долларға 383,24 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 88,119 млн доллар болды.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша тенгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,06 теңгеге төмендеген. Яғни 383,3 теңгеден 383,24 теңгеге арзандаған.

Басты сөздер: Экономика,
Жоғары қарай