Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

KASE: Доллар бағамы төмендеді

2019 жылдың 9 тамыз 2019 17:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 387,48 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,25 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 387,38 теңге, ал ең жоғарысы – 387,6 теңге болды. Сауда көлемі 94,68 млн долларды құрады.

Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 387,73 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 111,96 млн доллар болды.

Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Экономика,
Жоғары қарай