Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

KASE: доллар бағамы төмендеді

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 388,2 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,13 теңгеге төмендеді. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 387,95 теңге, ал ең жоғарысы 388,55 теңге болды. Сауда көлемі 86,335 млн долларды құрады.

Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 388,33 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 95,135 млн доллар болды.

Асхат Ахметбеков


Басты сөздер: Экономика, Қоғам,
Жоғары қарай