Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Кәсіби журналистикаға сенім барлық уақытта жоғары болады - Дәурен Абаев

2019 жылдың 23 мамыр 2019 13:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кәсіби журналистика мен әлеуметтік желіге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форумға қатысқан министр шара барысында БАҚ-қа, кәсіби журналистика мен әлеуметтік желіге қатысты екі қызықты сұрақ болғанын атап өтті.

«Мен мынадай екі маңызды дүниені бөле-жара айтар едім: бедел және сенім. Кәсіби журналистикаға сенім барлық уақытта жоғары болады. Өйткені, әлеуметтік желіге қарағанда журналистің материалы жарияланбастан бұрын барлық уақытта да белгілі бір тексеруден өтеді. Болашақта осыған айналып келетіндігімізге сенімдімін және журналистика соңғы ақпарат көзі болады. Ең дұрыс ақпарат көзіне айналады», - деді Дәурен Абаев.

Министр тек қазақстандық қана емес сонымен бірге бүкіл әлемдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына тән кемшіліктердің бар екендігін атап өтті.

«Қазақстандық журналистиканың кәсібилік деңгейі қазірдің өзінде жалпыәлемдік деңгейге жеткендігін атап өткім келеді», - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдағанын хабарлаған едік.

Жоғары қарай