Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

«Қасиетті Қазақстан»: Экспедиция мүшелері он күн бойы тек қазақы жылқыны мініп жүреді

2019 жылдың 21 маусым 2019 09:40 771

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ жылқыларын дәріптеу дәстүрге айналмақ. Ертең елімізде «Киелі Қазақстан» көпкүндік экспедициясы басталады. Ұлы даланың атбегілік өнері Қазақстан туризмін дамытуға серпін бермек, деп хабарлайды Хабар24 kz.

Ұйымдастырушылар осы арқылы атты туризмді дамытпақшы. Салт аттылар он күн ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтеді. Әрі тәулігіне 50-60 шақырымды еңсермек.

«Жол жөнекей жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрамыз», - дейді мамандар. 

«Осы 10 күн ішінде атпен Баянауыл ұлттық паркіне жету керекпіз. Оншақты адам болады. Неге осы экспедицияда тек қазақтың аты болады дегенге келсек, күн сайын 50-60 шақырымға қазақ жылқыларынан басқа жылқылар шыдамайды»,-дейді Qazaqgeography РҚБ ғылыми және экспедиция қызметі бойынша департамент директоры  Нұржан Алғашов

 

 

Басты сөздер: Қоғам, Туризм,
Жоғары қарай