Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Кәсіпкерлерді тексерудің нақты регламенті жоқ – «Атамекен» ҰКП

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік нысандарды тексерудің нақты регламенті жоқ. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелі артқан. Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ауыл шаруашылық кәсіпорындарын шектен тыс жиі тексеретінін айтты.

«2016 жылдан бері ҚР Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті жүргізетін тексерулер саны 6 есе өскен. Ал Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің тексерулері 4 есе жиілеген. Ал осы тексерулерді жүргізу тәртібі заңнамалық актілермен реттелмеген. Тексерулердің нақты регламенті болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататыны белгілі», - деді кеңес төрағасы.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкрлікті дамыту жөніндегі сараптамалық тобының тең төрайымы Гүлнар Құрманбаеваның айтуынша, алкоголь саудасы мен көші-қон саласы да тексерулер мен айыппұлдардан көз ашпай кеткен.

«Полиция өкілдері кәмелет жасына толмаған балаларды жедел әрекеттерге тартады. Сол арқылы жедел іздестіру заңнамасын бұзады. Балаларды заңбұзушылық анықтауға немесе заңсыздық туындатуға пайдалану көп тіркеледі. Ал көші-қон саласында полиция өкілдері 2018 жылы 530 тексеру жүргізген. Соның салдарынан кәсіпкерлік нысандар 1,6 млрд теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Оның бір бөлігі негізсіз салынған деп есептейміз. Биылдың өзінде көші-қон саласында ішкі істер саласының 20 қызметкері сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылып отыр», - деді Гүлнар Құрманбаева.


Жоғары қарай