Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Кәсіпқой бокс: «Қазақ жауынгері» алғаш рет ел намысын қорғайды

2019 жылдың 11 қазан 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда туып-өсіп, «Қазақ жауынгері» лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Елшат Нығметолла Қазақ елінің намысын қорғайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

BoxRec порталының мәліметіне қарағанда, «Қазақ жауынгері» 12 қазан күні алматы қаласында өтетін «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кешінде рингке шығып, филиппиндік боксшы Ардин Диалемен (35-14-4,17КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой рингтегі 16-шы жекпе-жегінде Қазақстанның намысын қоғайды.

Елшат Нығметолла - қазақстандық танымал боксшы Қанат Исламның (26-0,21КО) жерлесі. 25 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Еске салайық, 12 қазан күні Алматыда МТК Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бокс кешінде кәсіпқой бокста енді өнер көрсетіп жүрген және дебюттық жекпе-жегін өткізетін қазақстандық жас боксшылар шаршы алаңға шығады.




Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай