Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Кәсіпқой бокс: Қытайдағы қандасымыз чемпиондық титулын қорғап қалды

2019 жылдың 27 мамыр 2019 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақта (50.8 кг) жұдырықтасатын ұлты қазақ қытайлық кәсіпқой боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (12-3-1,5 КО) Фучжоу қаласында кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

sports.qq.com порталының хабарлауынша, Ұлан Төлеғазыұлы кәсіпқой бокстағы 16-жекпе-жегінде филипиндік боксшы Ардин Диалмен қолғап түйістіріп, 12 раунд қортындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті.


null

Сондай-ақ, қандасымыз наурыз айында жеңіп алған WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион титулын (WBA International Flyweight Title) сәтті қорғап қалды.

Айта кетейік, Ұлан Төлеғазыұлы ең жеңіл салмақта (50.8 кг) WBC тұжырымы күміс белдігі (WBC Silver Flyweight Title) және WBO тұжырымы Азия-Тынық мұхит чемпионы (WBO Asia Pacific Flyweight Title) белдіктерінің иегері. Ол осы салмақтағы әлемдік рейтингте 9- орында тұр.

Жоғары қарай