Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қаскелеңде Қарасай батырға ескерткіш қойылды

2019 жылдың 10 қазан 2019 16:54

ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды. Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ашылу салтанатында аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде облыста тарихи құндылықтарымызды сақтауға, ұлы тұлғаларымыздың есімін құрметтеуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгін, міне, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай аты аңызға айналған қаһарман Қарасай батырға арнап ескерткіш ашып отырмыз. Бұл кейінгі жастарды елжандылыққа тәбиелеуге қосылған үлкен үлес деп білеміз», - деп атап өтті.

Мұнан соң олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров және аудан тұрғындары мен қонақтары мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтады. Сондай-ақ, ауданда жасалып жатқан игі істер, соның ішінде Қарасай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы демеуші меценат азаматтардың елеулі еңбегі жайлы да айтылды.

Бата беріліп, ескерткіштің шымылдығы түсірілді, көпшілік батырға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ескерткіштің авторы - Нүркен Дәукенов. Жалпы биіктігі – 11 метр.













Жоғары қарай