Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің оқу-жаттығуы басталды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 18:06

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің біріккен теңіз оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» және «Қазақстан» ракеталық-артиллериялық кемелері Ресей Федерафиясы Әскери-теңіз күштерінің Каспий флотилиясымен бірлескен оқу-жаттығуына қатысуда.

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында өтіп жатқан оқу-жаттығу 22 қыркүйекке дейін созылады. Жуырда Ақтау қаласының портына ресейлік «Татарстан» кемесі мен «Ступинец» катері, сонымен қоса 2 гидрографикалық кеме, ракеталық және рейдтік тралдар, құтқару буксирі мен кіші танкер келген болатын.








Оқу жаттығу Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Сәкен Бекжановтың жеке басшылығымен өтуде.

Жаттығу барысында Қазақстан мен Ресей Әскери-теңіз күштері біріккен топтарының жаңа ұрыс формалары мен әдістерін зерделеуге басты назар аударылмақ. Екі елдің теңізшілері арнайы операциялар мен ұрысты жүргізу бойынша бірқатар мәселелерді пысықтап, кемелердің бірлескен іс-қимылын, тапсырманы орындау орнындағы маневрлерді жүзеге асырады.












Осы жаттығудың нәтижесінде екі елдің біріккен штабтарының үйлесімділігі бағаланып, офицерлердің біліктілік деңгейі сыналады.

Бүгінгі күні біріккен оқу-жаттығуды өткізуден басқа, қазақстандық және ресейлік әскери теңізшілер Халықаралық армия ойындары барысында өзара іс-қимылдарды бірлесе өткізіп, машығын жетілдіруде.









Жоғары қарай