Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымының» төрағасын қабылдады

2019 жылдың 22 қазан 2019 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы туралы, атап айтқанда, «Медиация туралы» Заңға сәйкес қолға алынған «Дәнекер» жобасы бойынша жасалған шаралар жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар «Ардагерлер ұйымы» мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобалары жайында айтылды.

Қазақстан Президентіне Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75-жылдық мерекесіне әзірлік барысы, «Ардагерлер туралы» Заңның жобасы туралы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңды тиянақты дайындауды, Президент Жолдауынан туындайтын мәселелерге ардагерлер белсенді араласып, елдегі қолға алынған реформаларды халыққа жан-жақты насихаттауды тапсырды.

Жоғары қарай