Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилердің кредиторлық берешектері туралы сөз қозғады

2019 жылдың 24 мамыр 2019 17:20 760

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметіне кредиторлық берешектерді, соның ішінде әскерилердің тұрғын үй төлемдерін толық өтеу бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Кредиторлық қарыз - өз алдына бөлек мәселе. Әсіресе тұрғын үй төлемдері маңызды.  Үкіметке оны жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керек. Сөз жүзінде әскерилерді әлеуметтік тұрғыда қолдап жатырмыз деп жар салып, іс жүзінде міндетімізді орындамауға жол жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент ҚР Ұлттық ұлан қызметі патриоттық пен ерліктің нағыз мектебіне айналғанын атады.

«Ұлттық ұлан сарбаздары әскери міндетін абыроймен өтеп қана қоймай, өмірлерін тәуекелге тігіп, ерлік көрсетулері соның дәлелі», - дейді мемлекет басшысы.

 

 

Жоғары қарай