Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде АӨСШК саммитіне қатысады

2019 жылдың 15 маусым 2019 10:48 2103

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы АӨСШК отырысында сөз сөйлеп, саммит аясында Ауғанстан Премьер-министрі Абдулла Абдулламен және Катар Республикасының әмірі Шейх Тамим бен Хамад әл Танимен екіжақты кездесу өткізеді.

Саммит Душанбедегі «Кохи Навруз» сарайында өтеді.


null  

Айта кетейік, АӨСШК отырысына оннан астам мемлекеттің басшылары келеді деп жоспарланған. Олардың арасында РФ Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь және басқалары бар.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес 1992 жылдың 5 қазанында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында бекітілген.

АӨСШК өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оның құрамындағы 27 мемлекет Азия аумағы мен халқының 90% қамтиды. Тағы 8 мемлекет пен БҰҰ қосқанда 5 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие. Мемлекет пен үкімет басшыларының саммиті төрт жыл сайын өтеді. Соңғы АӨСШК саммиті 2014 жылы 21 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өтті.

АӨСШК құрамында Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, БАӘ, Вьетнам, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Қырғызстан, Қытай, Мысыр, Моңғолия, Палестина, Пәкістан, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Үндістан, Шри-Ланка және 13 бақылаушы - АҚШ, Беларусь, Жапония, Индонезия, Лаос, Малайзия, Украина, Филиппин және БҰҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, ЕҚЫҰ, Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы бар.

Еске сала кетсек, АӨСШК-ке 2018-2020 жылдар аралығында Тәжікстан төрағалық етеді.


Авторы Серік Сабеков

Жоғары қарай