Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қасым-Жомарт Тоқаев Ханчжоудағы Ұлттық шай музейін аралады

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 17:17

ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады.

Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшеліктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.


Жоғары қарай