Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Қасым-Жомарт Тоқаев: Инновациялар мен цифрландыруға баса мән беріледі

2020 жылдың 16 ақпан 2020 02:28

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Инновациялар мен цифрландыруға баса мән беріледі. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент ретінде инновацияларға, цифрландыруға баса мән беретінімді айтқым келеді. Экономиканың қарқынды өсімін қамтамасыз ету – басты мақсат. Сонымен қатар, үздік шетелдік сарапшылардың тың идеяларын енгізуге әзірміз. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар аз емес. Экономиканы дамыту үшін тың реформалардың да маңызы зор екенін атап өткен жөн», - деп тоқталды Мемлекет басшысы «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы өткен панельдік пікірталас кезінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 14 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Президент көршілес елдермен өзара тиімді қарым-қатынас туралы айтты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мюнхен конференциясында Орталық Азиядағы процестерге ерекше назар аударылғанын жеткізді.



Жоғары қарай