Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай елшісімен кездесті

2019 жылдың 27 наурыз 2019 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтауын жеткізіп, достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыта түсуге күш салатынын айтты.

Жоғары қарай