Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының президентімен кездесті

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 16:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.




Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.

– «Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай