Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады

2019 жылдың 17 қазан 2019 15:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады. Сонымен қатар министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жоғары қарай