Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Қасым-Жомарт Тоқаев: Рухани жаңғыру құндылықтары - басты бағдарымыз

2019 жылдың 12 маусым 2019 12:54 1404

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Рухани жаңғыру бағдарламасын жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс - мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер» , - деді Президент.

«Бұл қасиеттер халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын - жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет», - деді Қ. Тоқаев.

 

 

Жоғары қарай