Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мұнай секторындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру және Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы арасындағы өзара іс-қимылдардың келешегі туралы сөз болды. Сонымен қатар, жаңа инвестициялар салу мүмкіндігі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Майкл Уиртқа жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, біздің елімізде шетелдік бизнеске жасалған қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті.





Майкл Уирт Қазақстан ұзақ уақыттан бері «Шеврон» компаниясының маңызды серіктесі болып келе жатқанын атап өтті. Америкалық бизнесмен басшылық құрамының 77% қазақстандықтар болатын, «Теңізшевройл» еншілес компаниясының менеджерлерінің кәсібилігін жоғары бағалады. Бұл көрсеткіш өзара ынтымақтастықтың нығаюына қарай арта беретінін айтты.


Жоғары қарай