Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 19:20 886

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы нысанды аралау барысында 5573 әскери бөлімінің макет-үлгісімен және ақпараттық тақтасымен, жатын және қызметтік инфрақұрылымдарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әскерилердің оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады.


null 

Қазақстан Президенті Ұлттық ұланның командалық құрамы мен әскери қызметкерлермен әңгіме барысында олардың елдегі тұрақтылықты сақтауда, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарып жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, әскерилердің әлеуметтік мәселелеріне жеке тоқталды.

- Кредиторлық қарыздар әсіресе баспанаға төлем - өз алдына жеке мәселе. Үкімет осы қарыздарды толық өтеу бойынша түпкілікті шара қабылдауы қажет. Әскерилердің әлеуметтік мәселесі туралы сөз жүзінде айтылып, іс жүзінде тиісті міндеттемелердің орындалмауына жол берілмеу керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


null 

Мемлекет басшысы Үкімет пен Ішкі істер министрлігіне әскери бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын шыңдап, құрылымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту жөнінде тапсырма берді.



null 

null 

null 

null 

null 

null 

 

Жоғары қарай