Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумына қатысуда

2019 жылдың 24 тамыз 2019 12:31

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумына қатысуда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. Қалың қауым осы киелі өлкеде ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қараймыз !»,-деді Мемлекет басшысы.








Сонымен қатар Президент б ір-бірін дауға қиса да, жауға қимаған халқымыз береке-бірлікті бәрінен жоғары қойғандығын, бабалардан қалған салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастыруы тиістігін атап өтті.





«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай қорығы ел игілігіне айналды. Ұлытау ауданының орталығында Қазақ хандарының аллеясы бой көтерді. Енді еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек »,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.











Жоғары қарай