Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жағымпаздарды жақтырмаймын

2019 жылдың 21 шілде 2019 22:27 1560

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маған ешкім жағымпазданбайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Білесіз бе... Маған ешкім жағымпазданбайды. Бәлкім, мен ондайды ұнатпайтын болғандықтан шығар. Ұнатпау былай тұрсын, ашығын айтсам ондайды жақтырмаймын. Қазірдің өзінде жағынуға тырысып жатқандар бар. Мәселен, Өзбекстанға сапарлап барып қайтқаннан кейін «Тамаша!», «Мұндай еш уақытта болмаған», «Кескін-келбетіміз керемет болды!» деген сияқты сөздер айтылды», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жағымпаздықпен айтылған сөздерді елемеуге тырысатындығын, оған жауап бермейтіндігін атап өтті.

«Естімеген адамдай өте шығамын. Өйткені, бұл мақтау сөздердің көк тиындық құны жоқ. Ең басты сыншы - өзім. Қай жерде жарқырай алмағанымды білемін. Тіпті қатал сыншымын деуге болады», - деді ҚР Президенті.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай