Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытына барды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 19:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің Жезқазған мыс балқыту зауытына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті әлемде сұранысқа ие мол өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіп орнының өндіріс цехтарының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2018 жылы желтоқсанда зауытта мыс өндірісін жылына 100 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін екінші кенқыздыру пеші іске қосылғаны жөнінде айтылды.





Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесу барысында ел игілігі үшін сіңірген зор еңбектері үшін оларға ризашылық білдіріп, мемлекет тарапынан өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру шаралары жалғаса беретінін атап өтті.














Жоғары қарай