Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлттық компромистің тұлғасы деуге негіз бар - Саиров

2019 жылдың 23 сәуір 2019 13:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының мүшелері кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев - ұлттық компромисс пен әлеуметтік үміттің тұлғасы деп айтуға барлық негіз бар. Саясаттанушы Ерлан Саиров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - менің ойымша бүгінгі таңда өте дұрыс шешім. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық деңгейде, сонымен бірге Қазақстанның халқына беделді тұлға. Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып еңбек еткен. БҰҰ - дүниежүзіндегі экономикалық, гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерді шешетін үлкен ұйым. Сонымен бірге, ол елімізде Премьер-Министр болып еңбек етті. Үкімет басшысы болып тұрған кезінде бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары осы кісінің тұсында айқындалды. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қазіргі жағдайында бұл тұлға ұлттық компромисс пен әлеуметтік үміттің фигурасы деп айтуға барлық негіз бар», - дейді Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясының делегаттары бүгінгі кезектен тыс съезде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына дауыс беріп, бірауыздан қолдаған болатын.

Өз кезегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысатынын мәлім етті.

Жоғары қарай