Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана атауын өзгерту ұсынысы заңды - Игорь Рогов

2019 жылдың 22 наурыз 2019 23:28 1383

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Астана атауын өзгерту туралы бастамаға пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституцияға сәйкестік тұрғысынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана атауын өзгерту туралы қабылдаған шешімі заңды болып табылады және ел азаматы ретінде бұл ұсынысты қолдаймын. Мен инаугурацияға қатыстым, онда Конституцияның барлық талаптары сақталды. Бұл рәсім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша мінсіз орындалды», - деді Игорь Рогов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Игорь Рогов мұндай шешімдерді қабылдауда Конституциялық Кеңес тұжырымының маңызды екенін атап өтті. Конституцияның 91-бабында өзгертуге жатпайтын құндылықтар көрсетілген.

«Өзгермейтін құндылықтар қатарында Қазақстанның тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы, басқару формасы, Елбасы негізін қалаған республика қызметінің принциптері бар. Өз әріптестерін, Парламент пен Президент Әкімшілігіндегі заңгерлік қызмет өкілдерін білетін заңгер ретінде аса маңызды мәселелерге жете мән беріліп, барлық процедуралар ескерілді деп ойлаймын», - деді ол.

 

 

Жоғары қарай