Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қайрат Әбдірахманов Даниядағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқарады

2019 жылдың 1 тамыз 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Әбдірахманов 1964 жылы 21 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.

Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы - ІV департаменті директорының орынбасары.

1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екіжақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың наурызынан бері.

Бірнеше медальмен марапатталған.

Жоғары қарай