Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қайрат Келімбетов ҚМГ-нің ІРО-ға шығуы неге байланысты екенін айтты

2019 жылдың 23 мамыр 2019 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов «ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясын ІРО-ға шығару жоспары жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Қазақтелеком» мен «Эйр Астана» сынды компаниялар жекешелендірілмек. Келесі жылы нарықтық жағдайларға байланысты «ҚазМұнайГаз» компаниясын ІРО-ға шығару мүмкіншілігі қарастырылатын болады. Жалпы, жоспарда бар. Бұл Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі ірі ұлттық компания», - деді Қайрат Келімбетов Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форум аясында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол 2018 жылдың қарашасында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы ІРО-ға шығарылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, бұл «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі ұлттық компанияның жекешелендірудің ең алғашқы табысты үлгісі саналады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 14 қарашасында АХҚО биржасында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының жай акцияларын шартсыз сату, сонымен қатар жаһандық депозитарлық қолхаттарын шартты сату басталды. Ал сол жылдың 19 қарашасынан бері компанияның жаһандық депозитарлық қолхаттары шартсыз сатылып жатыр.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚазМұнайГаз, БАҚ, Алматы,
Жоғары қарай