Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қайрат Сейтқазин: Абайдың шығармалары – өшпес мұра

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 00:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Абайдың шығармалары – өшпес мұра. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Сейтқазин пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Абай шығармалары – қазақ халқы үшін асыл мұра. Өркениетті елдің руханияты әрдайым алдыңғы орында болу керек. Ұлттық мінезді, ұлттық кодты сақтаған халықтың әлем алдындағы беделі үстем. Әдебиеттен сусындаған жас ұрпақтың жігері мықты, талабы таудай болып, енді өніп жатқан жас бұтақтай бүр жарары сөзсіз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын 2020 жылы жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Енді келген жылда үлкен бастамалар көтеріледі деген сенімдемін. Себебі, қазақтың бас ақыны есептелетін ұлы ақыны, композиторы, философы, саясаткері, ағартушысы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың мұраларын әлемдік оқырманға шығарып, шетелдің кез келген жерінде мақтанышпен көрсетуге болады», - дейді Қ.Сейтқазин.

Осы ретте, ол ескі жыраулар поэзиясынан кейін қазақ даласына еуропашыл, жаңа лепті әкелген, қазіргі поэзияның темірқазығына айналған ақынның өлеңдері жалпыхалықтық сипат алғаны қуантып отырғанын атап өтті.

«Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады», - деді Қ.Сейтқазин.

Сондай-ақ, ол нағыз Рухани жаңғыру Абай мұрасында екенін атап өтті.

«Атап айтқанда, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайлов мәлімдегендей Көкшетау қаласында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылмақ. Келіп жеткен жаңа жылды Абайдың мұрасымен бастасақ, міне, сол нағыз Рухани жаңғыру», - деп түйді сөзін.


Жоғары қарай