Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қазақ балеті Лондон төрінде өнер көрсетті

2019 жылдың 18 қараша 2019 21:54

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театры тұңғыш рет өнер көрсетті. Концерт өткен «Колизей» концерттікзалында ине шаншар орын болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театр көпшілік назарына «Шопениана» және «Шехерезада» атты бір актілі классикалық шығармаларды ұсынды,. Өнер ұжымының гастролі Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Екі мыңнан астам көрерменнің қатарында британиялық саяси және бизнес-истеблишмент, дипломатиялық корпус өкілдері және беделді өнертанушылар бар. Олар қазақстандық бишілердің шеберлігін жоғары бағалады. «Мен өмірімде бірінші рет қазақ балетін көріп, өте ерекше әсерге бөлендім. Бидің жоғары стандарты және орындаушылардың кәсібилігі таңдай қақтырды. Бұл шынымен де керемет демалыс әрі тосын сый болды»,– деді қонақтардың бірі Сара Мейдан.Тағы бір мейман Луис Родригес де ла Сьерра: «Бәрі әдемі болды, қойылым тамаша өтті. Қазақ балеті өте көркем, маған техникадан бастап бәрі ұнады! Концерттің керемет өтуімен құттықтаймын!», деді.Айта кету керек, «Шехерезаданы» «Колизей» қонақтары үшін италиялық хореограф Тони Канделоро жаңаша әрлеген. Автор- Цюрих операсы, Куба Ұлттық балетінде және париждік «Шатле» театрында шыңдалып, әлемге танылған өнер жұлдызы.«Шопениана» мен «Шехеразаданың» басты рөлдерін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театрының жетекші солистері Жанель Төкеева, Мәлика Елшібаева, Ариса Хасимото, Рақым Даиров, Динара Есентаева және Азамат Асқаровтар сомдады.






















Автор Ғалымжан Қараманұлы
Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай