Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақ балуандары әлем чемпионатын жеңіспен бастады

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін күрес түрлерінен елорда төрінде алауы тұтанған әлем чемпионатында қазақ балуандары алғашқы белдесулерін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін жарыстың алғашқы күні 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы балуандар кілемге шығатынын жазған болатынбыз.

Қазақ балуандарының арасынан алғаш болып кілемге шыққан 72 келідегі Демеу Жадыраев бірінші белдесуінде қарсыласын 9:0 есебімен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Алайда Демеу Жадраев 2-ші кездесуінде германиялық қарсыласына 4:3 есебімен есе жіберді. 63 келіде бақ сынайтын Алмат Кебіспаев алғашқы кездесуде Үндістандық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті.





Күрес түрлерінен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 82 кг салмақта ел намысын қорғаған Мақсат Ережепов 2-ші кездесуінде беларусьтік қарсыласын (Виктар Сасуновский) 2:1 есебімен жеңді. Енді 55 келіде Қорлан Жақанша сынға түседі.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 104 мемлекеттен мыңнан астам балуан сынға түседі. олардың қатарында 60 олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Әлем чемпинатын Қазспорт телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Фото:olympic.kz


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай