Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қазақ балуаны Қытай чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды

2019 жылдың 11 қазан 2019 14:45

ЛАНЖОУ. ҚазАқпарат - Ланжоу қаласында өткен 2019 жылғы еркін күрес түрінен Қытай чемпионатында қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлы тағы да алтын медальға ие болды.Бұл туралы Қытайдың CNR ақпараттық порталы хабарлады.

Ерланбек Кәтейұлы еркін күрестен алтын медалды жеңіп алды. Қытайдағы балуандардың кіл мықтысын анықтайтын бұл жолғы респуликалық байрақты бәсекеге 137 командадан 1120 спортшы қатысқан. 9 күн бойы 10 түрлі салмақ бойынша бақ сынаған чемпионатта қандасымыз, Гансу өлкесінің балуаны Ерланбек Кәтейұлы 65 келі салмағында бас жүлдені еншілеген.




Ерланбек Кәтейұлы 2009 жылдан бері Қытай чемпионаттарында жеңіс тұғырынан түспей келе жатқан балуан. Ол Қытайдың Алтай аймағына қарасты Қызылтас қалашығында дүниеге келген. Ол 2010 жылы Қытай біріншілігінде 65 келі салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанған. 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль иеленген.

Айта кетсек, Ерланбек Қытайдағы қазақтар арасынан Олимпиадаға жолдама алған үшінші қандасымыз. Оған дейін грек-рим күресінен Әлнұр Төргеұлы, бокстан Қанат Ислам Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсеткен болатын.




Автор Бейсен Сұлтан
Басты сөздер: Спорт, Қандастар, Қытай,
Жоғары қарай