Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қазақ эпосының батырлары Алматы көшелерімен жүріп өтті

2019 жылдың 21 наурыз 2019 12:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде Наурыз 2019 шеруі өтті. Ұлыстың ұлы күнінде қазақ эпосының батырлары, ертегі кейіпкерлері орталық көшелермен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық костюм киген 2 мыңға жуық адам, бүркітші, құсбегілер, тазы баптаған аңшылар Алматы көшелерінің сән салтанатын келтірді. «Наурыз шеруі» Абай көшесімен қазақ мемлекеттік циркі жанынан сап түзеп, Абылай хан көшесімен Қабанбай батыр көшесіне дейін жүріп барып, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры маңайында тоқтады.

Самарқанның көк тасын еріткен Наурыз мейрамын, көктемнің жылы лебін жеткізуге, ұлттық нышанды көрсетуге мәдениет саласының, этностық бірлестіктер, ЖОО студенттері мен мұғалімдері, бүркітшілер мен кәсіби аңшылар қатысты.

«Биыл бірінші рет қазақтың төл тарихының кейіпкерлері, қазақ эпосының кейіпкерлері мен батырлары, алтын адам, хан-сұлтандар шеп құрады. Бұл көктем мерекесі, бірлік пен татулықтың белгісі. Қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын», - деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.




null


null


null


null


null


null


null


null


null

Шеру соңынан аспанға ақ көгершіндер ұшырылды.

Жоғары қарай