Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі Люксембургте көрсетіледі

2019 жылдың 26 қыркүйек 2019 14:23

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 16 қараша күні Люксембург жұртшылығына «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Фильм Ұлы герцогтықтың әлемдік премьералар өтетін Utopolis зәулім кинотеатрында қойылады.

Қазақстан мен Люксембург ынтымақтастық қауымдастығының басшысы Нұргүл Тұрсынова Еуропа жұртына көрсету үшін неліктен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізінде түсірілген кинотаспа таңдалғанын түсіндірді.

«Фильмде Қазақ хандығының құрылу тарихы сөз болады. Біз осыны еуропалықтарға көрсеткіміз келді», - дейді Н. Тұрсынова.

Кино қойыларда фильмнің режиссерін, продюсерлерін не болмаса актерлерді шақырып, фуршет өткізу жоспарланып отыр. Мақсат – көрермендердің фильмнің шығармашылық ұжымымен тікелей сұхбаттасуына мүмкіндік беру.

Қазақстан мен Люксембург ынтымақтастық қауымдастығы былтыр Н. Тұрсынова және оның жұбайының бастамасымен құрылған. Он жылдан бері сонда тұратын Н. Тұрсынбаева Қазақстанның елшілігімен тығыз байланыс орнатқан. Жалпы, Ұлы Герцогтықта 60-тан астам Қазақстан азаматы тұрады.

«Люксембург халқы Франция мен Германияға етене жақын болғанымен, өздерінің ұлттық даралығын сақтап қалған. Осы жағынан алғанда бұлар бізге ұқсайды», - дейді ол.

Оның айтуынша, егер фильм Люксембургте табысқа кенелсе, Бельгия мен Нидерландта көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгін Парижде Франциядағы алғашқы қазақ кинофестивалі басталды. 26-29 қыркүйек аралығында өтетін шарада «Қазақ хандығы» да көрсетіледі.

Франция астанасында кинотаспадан бөлек, Канн фестивалінде даңққа бөленген «Айка», қазақ және француз кинематографтары бірге түсірген «Олма Джон» - ұзын-ырғасы 10 картина қойылады.

Автор: Тимур Дүйсекеев

Жоғары қарай