Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қазақ күресі: Азия чемпионатында қазақстандықтар үш алтын еншіледі

2019 жылдың 18 тамыз 2019 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 18 тамызда Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) Қазақ күресінен Азия чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Азия чемпионатының ұйымдастырушысы – Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы. Федерация президенті Қанат Бозымбаев.

Чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Бозкілемде кездесулер сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, абсолютті салмақта да медальдар сарапқа салынды.




«Бүгінгі чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты. Халықаралық қазақ күресі федерациясы ұлттық спорт түрінің шетелдерде дамуы мен көркеюі бағытында қарқынды жұмыс жасап келеді. Бүгінде Грузия, Қытай, Иран мемлекеттерінде қазақ күресі федерациялары бар. Бұл ретте, осындай ауқымды ісшараны ұйымдастыруға атсалысқан Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга, Моңғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт министрлігіне, оның ішінде Дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры Энэбиш Мунхбилэгке, қазақ күресінен Азиада федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатарға ерекше алғыс білдіргіміз келеді», - деді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының Бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.




Сонымен жеңімпаздар тізімі:

55 келі салмақта

1-орын - Тұтқышев Найман (Қазақстан);

2-орын - Бөхчулуун Давааням (Моңғолия);

3-орын - Амарсанаа Хатансайхан (Моңғолия) және Erdangchaolu (Қытай).

60 келі салмақта:

1-орын Қуанбай Еламан (KAZ);

2-орын Батцэрэн Энэбиш (MGL);

3-орын Нуриддинов Шохрух (UZB) және Пүрэвдагва Алтанбагана (MGL).

66 келі салмақта:

І-орын Батзаяа Эрдэнбаяр (MGL);

2-орын Болд Самбууням (MGL);

3-орын Huseynzoda Muhammadrajab (TJK) және Жанбаев Нұржігіт (KGZ).

74 келі салмақта:

1-орын Sato Yuya (JPN);

2-орын Батэрдэнэ Пүрэвдаваа (MGL);

3-орын Нуриддинов Шохрух (UZB) және Санжмятав Баяртүвшин (KAZ)

82 келі салмақта:

1-орын Баянмөнх Гаажадамба (MGL);

2-орын Ескандари Мостафа (Eskandari Mostafa) (IRN);

3-орын Есенов Жайдарбай (KAZ) және Батмөнх Алтансүх (MGL).

90 келі салмақта:

1-орын Эрдэнэсүрэн Түмэннасан (MGL);

2-орын Тенгиз Батсайхан (MGL);

3-орын Рысбай Аян (KAZ) және Икрамов Сарвар (UZB).

100 келі салмақта:

1-орын Исағұлов Мақсат (KAZ);

2-орын Тувшинжаргал Ган (MGL);

3-орын Жураев Ихром (UZB) мен Дэлгэрийн Цэрэнням (MGL).

100+ келі салмақта:

1-орын Бердімұрат Серік (MGL);

2-орын Сейтен Айбат (KAZ);

3-орын Хутаг Цогтгэрэл (MGL) мен Курбоналиев Дадахон (TJK).

Ал Дорж Анар түйе палуан атанды.

Айта кеткен жөн, бүгінде Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы ұлттық федерацияларды біріктіруші, Қазақстан Республикасынан тысқары елдерде турнир өткізетін жалғыз федерация болып отыр.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай