Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қазақ­станның өнімі әлемнің 110 елі­нің на­ры­ғы­на экс­портталады

2019 жылдың 27 наурыз 2019 18:46 677

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұт Қасымбеков «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Жасампаздық дәуірі» мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың концептуалды моделінің «алты алтын ережесін» ажыратып көрсетеді. Оның аясында Елбасының бүкіл маңызды жетістіктері, аса ауқым­ды жұмыс­тары және жаңа жаһандық әлем­дегі қуатты әрі бәсекеге қабілетті Қазақ­стан­ды құру жөнін­дегі зор күш-жігері айқын көрінеді. «Алты алтын ереженің» бірі ретінде автор Заманауи үлгідегі бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканы атап өтеді.

«Тәуелсіз Қазақстан үшін әуел бастан эко­номиканы дамытудың басымдығы жаңа елдегі барлық қайта құру үдерісінің логикасын айқындады. Тұңғыш Президенттің мұндай прагматикалық әдісі бұрынғы шектен тыс орталықтандырылған әкімшілік-командалық экономикадан заманауи нарық­тық жүйеге көшу жөніндегі тарихи мәні зор мәселені тиімді әрі қысқа мерзім ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан посткеңестік кеңістікте табысты әрі ауқымды нарықтық реформаларды іске асыру жағынан көшбасшыға айналды.

Бұл шаралар кеңестік шаруашылықтың ыдырауынан кейінгі ауыр экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы және гиперинфляция жағдайында жүзеге асырылды. Бірақ Мемлекет басшысының дәйекті саясатының арқасында қиындықтарды ең­се­ріп қана қоймай, сондай-ақ ең бастысы - кәсіпкерлік пен бизнесті еркін дамыту үшін қажетті жағдай жасай білдік. Жаппай жеке­шелендірудің жүргізілуі, жекеменшік институтының енгізілуі кәсіпорындарды тиімді басқаруды қамтамасыз етіп, Қазақ­­станда нарықтық экономиканың толық­қан­ды тетіктерін құруға мүмкіндік берді», - делінген мақалада.

Махмұт Қасымбековтің айтуынша, 1993 жылы ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға енгізілуі еліміздің қаржылық егемендігін нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Сол арқылы қаржы жүйесін тұрақтандыруға және тәуелсіз ақша-не­сие сая­сатын жүргізуге мүмкіндік алдық. Нәтижесінде Қазақстан тікелей шетел инвестициясын тарту жөнінен ТМД елдері арасында алға шықты. Бүгінде оның көлемі 320 миллиард доллардан асты. Бұл - қолайлы инвестициялық ахуалдың әрі шетелдік серіктестердің елімізге және көшбасшымызға деген сенімінің айқын дәлелі.

«Қомақты инвестицияның келуі отын-энергетика кешенінің және тау-кен метал­лур­гия саласының қарқынды дамуын қам­тамасыз етті. Бұл салалар үшінші мың­жыл­дық қарсаңында ел экономикасын тұрақтан­ды­рып, оның әрі қарай өркендеуіне жол ашты. Осыған орай 2001 жылы Ұлттық қор­дың құрылуы маңызды қадам саналды. Қор ұлттық экономиканы сыртқы қатерлерден қорғаудың және болашақ ұрпақ үшін қаржы жинақтаудың тиімді институты бола білді.

Дағдарысқа қарсы батыл саясаттың және терең нарықтық трансформацияның арқа­сында Қазақстан 1997-1998 жылдардағы Азия қаржы дағдарысының және 2008-2009 жыл­дардағы әлемдік қаржылық-эконо­мика­лық дағдарыстың қиындықтарын жеңді», - дейді ол.

Жаһандық нарықтардағы жағдайдың өзгеруі, озық елдердің төмен көмірсутекті экономикаға өтуі, цифрлы дәуірдің басталуы Қазақстан үшін ХХІ ғасырдағы жаңа сынақ кезеңдері болды деп атап өтеді автор. 

«Осы жаңа технологиялық жағдайды ес­керіп, Елбасы Қазақстан өнер­кәсі­бін ауқымды түрде жаңғыртудың жолын белгі­леп берді. Басты мақсат - ши­кі­зат емес тауарлар өндіруге бағытталған бә­се­­­кеге қа­бі­летті әрі әртараптандырылған эко­но­­ми­ка құру. Осы жолда үдемелі индус­трия­­лық-ин­но­вациялық дамудың мемле­кет­­тік бағдарла­маларын жүзеге асыру және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ин­фра­құры­лымдық әлеуетімізді нығайту маңызды белес болды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи ин­дуст­риялық саясатты іске асырудағы бас­ты талап­тарының бірі - қосымша құны жоға­ры өнім өндіру. Бүгінде бұл бағытта елеу­лі нәти­желерге қол жеткізілді. Соңғы жыл­дары 1250 жаңа өндіріс орны іске қосы­лып, өнім­нің жаңа 500 түрін шығара баста­дық. Қазақ­станның өнімі әлемнің 110 елі­нің на­ры­ғы­на экс­портталады. 2009 жылдан бе­рі қайта өң­деу секторындағы өндіріс көлемі 3 есе­ден асты», - дейді М.Қасымбеков. 

Оның мәліметінше, қайта өңдеу секторының өнеркәсіптегі үлесі 36-дан 42 пайызға өсті, ал экспорттың жал­пы көлемінде қайта өңдеу өнеркәсібінің экс­порты 28-ден 32 пайызға артты. Машина жа­сау, соның ішінде автомобиль құрастыру қар­қынды дамып келе жатқан салалардың бірі­не айналды. Ел аумағында сатылған әрбір жаңа автокөліктің екіншісі Қазақстанда жасалған.

«Тұңғыш Президент, сондай-ақ агроөнер­кәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және оны әлемдік деңгейге көтеру мәселе­леріне ерекше мән берді. Еңбек өнімді­лігін арт­тыруға және өңделген ауыл шаруа­шы­лығы өнімінің экспортын ұлғайтуға ба­ғыт­талған реформалар аграрлық сектордың өр­кен­деуіне септігін тигізді. Еліміз бидай мен ұнды нарыққа шығаратын әлемдік экс­порт­таушылардың біріне айналды. Мал ша­руа­шы­лығымыз да біртіндеп дамып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап еліміздің көлік әлеуетін дамытуға баса мән берді», деп атап өтеді автор.

М.Қасымбековтің жазуынша, Тұңғыш Президентіміздің стратегиялық көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында Қазақстан құрлықішілік тұйықталуды еңсеріп, еуразиялық маңызы бар транзиттік хабқа айналды. Ұзындығы 2 787 шақырым болатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі салынды. Транс­каспий дәлізі қалыптасты. Оған Қытайдағы Ляньюнган шығыс порты, «Қорғас - Шы­ғыс қақпасы» құрғақ порты, Каспий теңі­зіндегі Қазақстан порттары - Құрық пен Ақ­тауға дейінгі темір жол және автомобиль жолдарының желісі кіреді. Заманауи логис­тикалық инфрақұрылым салынып, тұрақты контейнерлік қатынас орнады. Осылайша Қазақстан жүк тасымалдаудың әлемдік жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. 

«Жалпы, елімізде осы жылдар ішінде 12,5 мың шақырымнан астам автокөлік жол­дары және 2,5 мың шақырымнан астам темір жол салынып, қайта жөндеуден өтті. Солардың ішінде «Орталық - Оңтүстік» (Астана - Қарағанды - Алматы), «Орталық - Шығыс» (Астана - Павлодар - Өскемен) және «Орталық - Батыс» (Астана - Ақтау) ма­гистральдарының құрылысы жүргізілуде. Еліміздің 16 әуежайындағы 12 жолаушылар терминалы және ұшып-қону жолақтары қайта жөндеуден өтті. 

Ел экономикасының негізі әрі көптеген қазақстандықтардың әл-ауқатының қайнар көзі - шағын және орта бизнес дамып келеді. Шағын және орта бизнеспен айналысып жүргендердің саны бүгінде 1,2 миллионнан асты. Бұл салада 3,2 миллион азамат жұмыспен қамтылған. 2018 жылы шағын және орта бизнестің үлесі 27 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 10 пайыздан сәл ғана асқан еді», - дейді ол. 

Қазақстан жаһандық сауда және өндіріс жүйесіне табысты кіріге білді. Сыртқы сауда айналымы 1995 жылдан бері тоғыз еседен асып, 9 миллиард доллардан 85 миллиард долларға дейін өсті. 

«2015 жылы ұзаққа созылған келіссөздер­дің нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік сау­да ұйымына мүше болды. Соның арқасында еліміз сыртқы нарықтарда тең құқықтарға ие болып, Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда дауларын реттеу және шектеу шараларының алдын алу жөніндегі мүмкіндіктерін пай­далануға қол жеткізді. 

Елімізде орнықты орта тап қалыптасты. Жан басына шаққандағы жинақ 1997 жылдан бері 240 еседен асып, 1900 теңгеден 2018 жылы 460 000 теңгеге дейін артты. 

Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде табысы күнкөріс шегінен төмен тұрғындар саны 15 есе қысқарды, ал нақты еңбекақы көлемі 4 есе өсті», - деп жазады мақала авторы. 

Махмұт Қасымбеков 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы экономиканы әртараптандыру және қаржы қызметтерінің инновациялық кластерін қалыптастыру ісіндегі жаңа қадам болғанына назар аударады. Бұл институттың қызметі бағалы қағаздардың ұлттық нарығын қалыптастыруға, оның халықаралық қаржы нарықтарымен интеграциялануына, шетелден және ел ішінен инвестиция тартудың биржалық тетігін дамытуға бағытталған. 

«Елімізде бизнес ортасын жақсарту және іскерлік белсенділікті дамыту үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дүниежүзілік банктің «Дуинг бизнес» рейтингінде Қазақстан тарихта бірінші рет 28-орынға тұрақтап, бизнес жүргізу үшін ең қолайлы отыз елдің қатарына қосылды. 

 2012 жылы «Қазақстан-2030» жалпы­ұлт­тық стратегиясының барлық міндеттері мерз­імінен бұрын орындалды. Еліміз әлем­дегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатары­на және орташа даму деңгейіндегі мем­лекет­тер тобына қосылды. Қазіргі бағ­дары­­мыз - «Қазақстан-2050» стратегиясы. Со­ның нә­ти­жесінде біздің республика Эко­номи­ка­­лық ынт­ы­мақтастық және даму ұйы­мы­ның жоғары стандарттарына сай болып, әлем­­нің озық дамыған отыз елінің қатарына қосылады», - дейді М. Қасымбеков. 

 

 

Жоғары қарай