Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қазақ тіліне дубляждалған «Дамбо» фильмінің тұсауы кесілді

2019 жылдың 27 наурыз 2019 20:18 821

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қазақ тіліне дубляждалған «Дамбо» отбасылық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамбо» - режиссер Тим Бертон фантастикалық жанрда түсірген отбасылық кинофильм. Картина 1941 жылы шыққан танымал мультфильмнің ремейкі. Ол жануарлардың қорлығы мен мазағынан шаршап, ұшуға үйренген үлкен құлақтары бар кішкентай піл туралы баяндайды.

Фильм үлкен прокатқа 28 наурыз күні шығады.

Жобаны ұйымдастырушы: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры. «Өзіңнен баста» жобасы - шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау арқылы мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған əлеуметтік жоба. Жоба миллиондаған қазақстандық кинокөрерменге сапалы контентке қол жеткізуге септігін тигізбек.

 

 

 

Жоғары қарай