Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Шаңырақ» байқауында І орын алды

2019 жылдың 13 қараша 2019 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Руслан Ғаббасов Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Шаңырақ» байқауында І орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шаңырақ» байқауына бүкіл өңірден журналистер қатысқан. Ақтық мәреде танымал БАҚ құралдарының тілшілері үздік атанды.

Қазақстандық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған және «Жастар жылы – даңғыл жол» тақырыбында және әлеуметтік желілерде жарияланған үздік талдамалық материал авторларына үшінші орыннан үшеу берілді. Осылайша, ол орындарға «Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің редактор-жүргізушісі Әлмира Елімсары, «Қазконтент» акционерлік қоғамы assembly.kz порталының бас редакторы Руслан Беген, tazael.kz сайтының меншікті тілшісі Бейбіт Оспан лайықты деп танылды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға және «Қазақтану» жобасын насихаттауға, Ассамблеяның құрылымдарының қызметін ашып көрсеткен мақала авторларына ІІ орыннан үшеу тапсырылды. Ол орындарға Халықаралық «Túrkistan» газетінің тілшісі Елдос Тоқтарбай, «Қазақстан» ұлттық арнасы ақпарат бөлімінің арнайы тілшісі Асима Бұқарбаева, «Kazakh TV» телеарнасының тілшісі Зарина Асанова Зарина ие болды.







Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту мәселелері мен Ассамблея мен оның құрылымдарының қызметін ашып көрсетуге тырысқан үш журналист І орыннан көрінді. Жүлделі бірінші орынды Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі қазақ редакциясының сарапшысы Руслан Ғаббасов, «Хабар-24» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Ақсәуле Байменшина, «Казахстанская правда» газетінің редакторы Юлия Магер иеленді.

Сонымен бірге, «Egemen Qazaqstan» газетінің– 100 жыл толуына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы аталған басылымға арнайы жүлдені тапсырды.

Жоғары қарай