Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайтуға болады - Руслан Дәленов

2019 жылдың 19 маусым 2019 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяу жылдары Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайтуға болады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяу 5 жылдың ішінде электронды сауда айналымы 1 трлн долларға артатындығы күтіліп отыр. Біз Еуропа мен Қытай арасында, тұтынушы мен сәлемдемелерді жөнелтушілердің арасында өте тиімді орналасқанбыз. Сондықтан көлік легін Қазақстан арқылы жөнелтудің келешегі үлкен. Бұл үшін барлық инфрақұрылым бар. Мұндай сәлемдемелерді рәсімдеу үшін барлық кедендік түзетулер енгізілген. Біз таяу жылдары Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайтуға болады деп есептейміз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, онлайн-сауданы ынталандыру үшін Интернетте электронды әдіс арқылы сауда жасайтындарға табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы бірнеше жылға алынып тасталған. Экспортқа арналған тауарларды декларациялау да жеңілдетілген.

«Ендігі уақытта Интернет арқылы сатып алынатын пошта құжаттары немесе сәлемдемелер көтерме рәсімделуі мүмкін. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады. Электронды сауда өте қарқынды дамып келеді және барынша тиімді сектор саналады», - деді Руслан Дәленов.



null

Министрліктің дерегінше, елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау институты күшейтіліп жатыр. Электрондық саудадағы сатып алушы кәдімгі саудадағыдай қорғалған. Электрондық сауда шарттары жақсартылуда. Өткен жылы оның бөлшек саудадағы үлесі 1,9-дан 2,9 пайызға немесе 92 млрд теңгеге ұлғайды.

Жоғары қарай