Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстан Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыта береді - ҚР Президенті

2019 жылдың 22 наурыз 2019 14:46

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Армения Президенті Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Армен Саркисянға ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

Жоғары қарай