Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан – СІМ

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматы қазіргі таңда үшінші мемлекеттің аумағында жасырынып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР СІМ Корея Республикасында орын алған оқиғаны біледі. Қазіргі уақытта бізге белгілі мәліметтерге сенсек, Қазақстан азаматы расында кішкентай баланы қағып кетіп, зардап шеккен баланы жолда қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қолда бар деректер бойынша, ол адам қазір үшінші мемлекет аумағында жасырынып жүр.

«Оның нақты қайда екені белгісіз. Құқық қорғау органдары тарапынан оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталған жағдайда мәселе құқықтық кеңістік шеңберінде шешіледі. Бұл мәселе бойынша жаңа ақпараттар пайда болған жағдайда қосымша хабарлаймыз», - дейді Айбек Смадияров.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ,
Жоғары қарай