Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қазақстан-Бельгия матчы, сырғанау маусымының ашылуы – елордада өтетін шаралар

2019 жылдың 12 қазан 2019 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Нұр-Сұлтанданда бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің ақпаратына сәйкес, «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Үздік тауар өндіруші атану үшін әр өңірден 9 өкілден, бас-аяғы 153 өндіруші бақ сынайды. Шара отандық тауарлардың сапасын арттырып, өзіндік брендті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Көрмеде қазақстандық өндірушілердің нан, кондитерлік және сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және тағы басқасы ұсынылады. Бұдан бөлек, конкурс аясында «Ұлы дала елі» форум өтеді.

Сондай-ақ 13 қазан күні «Астана опера» театрында Джузеппе Вердидің «Дон Карлос» операсының премьерасы болады. Опера Қазақстанда алғаш рет сахналанады. Оның қоюшы-режиссері италиялық Давиде Ливермор. Ол 2019 жылдың Опера Оскарында «Үздік режиссер» атағына ие болған. Басталуы сағат 18:00-де, билеттер бағасы 500 теңгеден басталады.

Бүгін «Алау» мұз айдынында жаппай сырғанау маусымы ашылады. Соның құрметіне келушілерге сыйлықтар табысталып, әртістер өнер көрсетеді. Чемпиондық мұз айдынында күн сайын сағат 19:00-22:00 аралығында (дүйсенбіден басқа) сырғанауға болады. Демалыс және мереке күндері 5 сеанс қарастырылған. Бұл күндері сағат 09:00-23:00 аралағында келуге болады.

13 қазанда «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Бельгияның ұлттық құрамалары арасында Еуропа чампионатының 2020 жылғы іріктеу турнирі аясындағы матчтық кездесу өтеді. Ойын сағат 19:00 басталады. Айта кетейік, командалардың Брюссельде өткен матчы бельгиялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған болатын.

Сондай-ақ бұл күні The Ritz Carlton қонақүйінде Красноярск қаласынан неоклассикалық композитор Илья Бешевлидің жеке концерті өтеді. Пианист бұған дейін Ресейдің қалаларында өнер көрсеткен болатын. Музыкалық кеш 13 қазанда сағат 16:00-де басталады. Билет бағасы – 5400 теңге.

Жоғары қарай