Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қазақстан Беларусьқа қанша мұнай жеткізеді

2019 жылдың 29 қазан 2019 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Беларусьқа жылына 1 миллионнан 3,5 млн тоннаға дейін мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өткен аптада беларусь тарапымен Беларусь Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу және толықтай алғанда осы саладағы ынтымақтастық туралы келісімді парафирлеген едік. Негізгі ұстанымдарының барлығы дайын. Біз мемлекетішілік процедуралардан өтеміз. Одан кейін біреуге өкілеттік жүктейміз. Яғни, біз қол қоямыз, олар қол қойды. Содан кейін ратификацилауға жібереміз», - деді министр.

Сонымен қатар ол өткен аптада Ресейге сапармен барғанын айтты.

«Жұма күні ел Президентінің тапсырмасымен Мәскеуге бардым. Жұма, сенбі күндері әріптесім Новак мырзамен бірқатар мәселе бойынша келіссөз жүргіздім және оған да іс жүзінде Беларусьпен уағдаластыққа қол жеткізгенімді айттым. Енді Белмұнайхим компаниясы біздің компаниялармен келіссөздер жүргізуі қажет. Әзірше жылына 1 миллионнан 3,5 млн тоннаға дейін мұнай және мұнай өнімдері», - деді ол.

Сонымен қатар министр Ресей тарапы бұл келісімге оң қабақ танытып отырғандығын айтты.

«Ешқандай теріс реакция жоқ. Ресейлік әріптестермен қарым-қатынасымыз жақсы. Қол қойылуы, бекітілуі тиісті көптеген мәселелерді біз телефонмен-ақ шеше саламыз», - деді министр.

Жоғары қарай