Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстан бірқатар елде сауда өкілдіктерін ашады

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 18:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың соңына дейін экспортты дамыту бойынша сауда өкілдіктер желісі кеңейтілмек. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық өнімді шетелге ілгерілету және сүйемелдеу үшін экспорттаушыларға «бір терезе» қағидатын қолданатын «QazTrade» тартылатын болады. Ол экспорттаушы мен мемлекеттік орган арасында агент рөлін атқарады. Біздің сауда өкілдіктеріміз де шетелде «QazTrade ретінде сыртқы кеңселер болып ашылады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың соңына дейін сауда өкілдіктер желісін кеңейту жоспарланған. Әлемдік тәжірибеде Сауда өкілдіктері сауда қатынастарын кеңейтудің негізгі және тиімді құралдарының бірі болып саналады.

«Қосымша кеңселер Қытайда, жаңа өкілдіктер Түркияда, Үндістанда, Иранда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, Польша мен Чехияда ашылуы жоспарланып отыр. Бұл кеңселерде қазақстандық тауарларды шетел нарығында ілгерілету үшін біздің білікті «лоббистер» жұмыс істейтін болады. Өңірлік және шекара маңындағы сауданы дамыту көзделген. Әлеуметтік кәсіптік корпорация базасында өңірлік экспорттаушы орталықтар құру жоспарланып отыр, олардың қызметін «QazTrade» үйлестіретін болады», - деді Бақыт Сұлтанов.



Фото: kolesa.kz
Жоғары қарай