Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Қазақстан джиу-джитсудан Азия чемпионатында үздік үштікке кірді

2019 жылдың 21 шілде 2019 01:57 189

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда джиу-джитсудан өткен IV Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорданың спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайландтық спортшылар оп жарған бәсекеде ел қоржынына 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль түскен.

Алтын алғандар:

1. Тілепова Әлия 62 келі

2. Есенғалиев Айбар +94 келі

3. Нұрлыбаев Жеңіс 56 келі

4. Жәнібек Әбу-Бакір 62 келі

5. Дуванова Галина 52 келі

6. Жарасов Досбол 56 келі

7. Хамзе Баккуар 77 келі

Күміс алғандар:

1. Мекенбаева Мөлдір 52 келі

2. Дүйсенқұлов Нұрсұлтан 69 келі

3. Хамзе Баккуар 77 келі

4. Айтмұханбетов Санжар 56 келі

Қола алғандар:

1. Мамышев Медетхан, Филатов Виктор дуо-систем

2. Құсайынов Рамазан 94келі

3. Бисалиев Тыныс +94келі

4. Қонысов Қуандық 56келі

5. Нортаев Дархан 62келі

Ал жалпыкомандалық есепте жарыс жеңімпаздары атанған Таййланд құрамасы Моңғолиядан 22 алтын, 16 күміс және 9 қола медаль иеленіп қайтты.

Командалық есепте орын иеленген жарыс қожайындарының еншісінде 6 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль бар.

Биыл бұл біріншілікке құрлықтың 20 елінен 500-ден аса спортшы қатысқан. Қазылар алқасының құрамына 13 мемлекеттен 20 төреші енді.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай