Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Қазақстан Елшісі Түрікменстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 09:07

АШХАБАД. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оғызхан» сарайында өткен кездесу барысында Түрікменстан басшысы бауырлас елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. Бұл ретте, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастың қалыптасуына және Қазақстан-Түрікмен стратегиялық серіктестігінің дамуына қосқан зор үлесіне ерекше назар аударды», - делінген СІМ хабарламасында.





Мәліметке сәйкес, тараптар саяси-дипломатиялық диалог, сауда-экономикалық ынтымақтастық, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық пен мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестікті дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылаған.

«Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Елбасы Н.Назарбаев және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ізгі тілегін жеткізіп, Елшіге Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті еңбек тіледі. Сол күні қазақстандық Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыстау үшін Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті», - деді сыртқысаясат ведомствосынан.


Жоғары қарай