Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қазақстан ғарыш зымырындарын сынақтан өткізуді бастамақ

2019 жылдың 30 қазан 2019 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хаттамаға 2018 жылдың 22 тамызында Мәскеуде қол қойылды. Құжатта «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін пайдалану бойынша жобаны жүзеге асырудың негізгі талаптары ескерілген.

«Хаттама ережелеріне сәйкес, ресейлік тарап қаржыландыру мен зымыран тасымалдағышты құруды қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан жағы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қолданыстағы жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыруды іске асырады. Хаттама «Зенит-М» нысандарын арендадан шығаруды және оларды қазақстандық тарапқа өткізуді, орта санаттағы зымыран тасымалдағышқа көшуді, сондай-ақ ұшыру сынақтарын 2022 жылы бастауды қарастырады», - деді Мәжілістің Экология мәселелері және табиғит пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский палатаның жалпы отырысында.

Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін әзірлемек.

Жоғары қарай