Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қазақстан хоккей федерациясы Ұлттық спорттық сыйлықтың үміткері атанды

2019 жылдың 16 қараша 2019 23:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында 2019 жылдың тоғыз түрлі номинациясы бойынша дауыс беру басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық хоккей бірден Ұлттық спорт сыйлығының төрт номинациясына ұсынылып отыр.

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының және астаналық «Барыс» командасының ойыншысы Никита Михайлис «Қысқы спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшысы» атағына ұсынылды. «Қысқы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясының тізіміне Қазақстан және «Барыс» ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка енген. Тағы бір - «Жылдың үздік командасы» номинациясынан сол секілді Қазақстан ұлттық хоккей командасы үмітті. Ал «Олимпиадалық спорт саласындағы жылдың үздік ұлттық спорт федерациясы» номинациясына Қазақстан хоккей федерациясы (QHF) ілінген.

Ұлттық спорт марапаты Қазақстан ҰОК Президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен белгіленген. Сыйлық биыл 30 қарашада сағат 18:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында тапсырылады. Қазақстан ҰОК ресми сайтында сүйікті спортшыларыңыз бен командаларыңызға дауыс беруге мүмкіндік бар.

Барлық номинациялар тізімі мынадай:

«Қысқы спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшысы»;

«Үздік жас спортшы»;

«Жазғы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы»;

«Қысқы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы»;

«Үздік ұлттық спорт федерациясы»

«Олимпиадалық спорттағы жылдың «Үздік спорттық аймағы» (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт басқармасы);

«Жыл серпіні»;

«Жылдың үздік командасы».

Салтанатты шара аясында паралимпиадалық спортшыларға арнайы сыйлықтар да берілетіндігін ерекше атап өткен жөн. Осы жылғы сыйлыққа «Кешенді-ғылымb топтың үздік маманы» номинациясы қосылып отыр.

Сыйлықты табыстау кешінде отандық жұлдыздардың қатысуымен ерекше концерттік бағдарлама өтеді. Кеште Ninety One тобы, NaZima, Молданазар, Сай Мо және басқалар ән шырқайды.

Перевод Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай