Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайсардың» құрамын толықтырды

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 00:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі футболшы Елдос Ахметов биыл Қызылорданың «Қайсар» командасының намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдос Ахметов 1990 жылдың 1 маусымында Тараз қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2007 жылы туған қаласындағы «Жамбыл» командасында бастаған. Одан кейінгі жылдарда Тараздың ОСШИОСД, «Тараз», Павлодардың «Ертіс», елорданың «Астана», Алматының «Қайрат» клубтарында өткізген. 2012 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ел намысын қорғап келеді.

«Қайсар» командасы былтыр Қазақстан кубогына ие болды. Биыл Еуропа лигасына қатысады. Қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген қызылордалық клубтың сынағына өз елімізден Бағдат Қайыров, Қуаныш Қалмұратов, Ресейден Алексей Шумских, Украинадан Ризван Аблитаров, Мозамбиктен Режиналдо Файфе, Португалиядан Нани, Кабо-Верде елінен Элвин Фортес келді.

«Қайсардың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 3-27 ақпан аралығында өткізіледі. Дайындық барысында екі жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Түркияда ауа-райының қолайсыздығынан 6 қаңтарда оқу-жаттығу жиыны өтпей қалғанын хабарлаған едік.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Спорт,
Жоғары қарай