Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қазақстан мен Армения төтенше жағдайдағы өзара көмекті нақтылады

2019 жылдың 17 қазан 2019 12:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісімге 2018 жылы қыркүйекте Алматы қаласында қол қойылды.

Бұл құжат тараптардың бірінің аумағында төтенше жағдай пайда болғанда көмек көрсету бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастырады.

«Келісімді ратификациялау ең алдымен төтенше жағдайды болжау саласында тәжірибе алмасуға, қауіп төнген және туындаған жағдайда халықты дайындауға септігін тигізеді. Екіншіден, тараптардың оқу орындарында азаматтық қорғау саласында мамандарды оқытуға, үшінші, тараптар аумағында болған төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

ҚР Заңнамасы аясында келісімде көмек көрсету мен жедел әрекет ету, құтқару бөлімшелерінің шекараны жеңілдетіп кесіп өту және тараптар аумағында болу шарттары бар. Төтенше жағдайды жоюда құтқару құралдарын алып кіру мәселесі реттелген.

Бұған дейін мұндай келісім Ресеймен, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Грузия мемлекеттерімен жасалған. Барлығы 12 екіжақты, 13 көпжақты келісім бар.

«Келісім аясында армян тарабымен сейсмикалық қауіпсіздікті, оның ішінде жедел хабарлау мен халықты эвакуациялауды арттыру жөнінде тәжірибе алмасу қарастырылған. Мәселен, 1988 жылы Спитак қаласында жер сілкінген соң, Армения Республикасы өздерінің заң жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізді. Заң жобасының кері әсері жоқ және қосымша қаржылай шығынды талап етпейді» - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Заң, Армения,
Жоғары қарай